Қазақстанда «Әкімдер мектебі» пайда болуы мүмкін

«Amanat» партиясының депутаттары мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін осындай жоба ұсынды.

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған өңірлік саясат жобалық кеңсесінің бірінші отырысында айтылды. Жиында өңірлердің әлеуетін ашуға ерекше назар аударылып, өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін іске асыру  шаралары талқыланды.