Петропавлда дүкен өрті кезінде бүлінген пәтер тұрғындары жатақханаға орналасады

Петропавлда тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде шыққан өрт кезінде 7 пәтер бүлінді.

Зардап шеккен тұрғындарға жатақханадан орын беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, тілсіз жаудан 10 сауда бутигі мен бір супермаркет жанып кеткен. Қазір оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға болған сауда үйін былтыр сәуір айында тексеріп, 16 заң бұзушылық анықтаған. 

Сергей Мелехов, қала әкімінің орынбасары:

- Көп қабатты үйден 68 адам эакуацияланды. Оның 18-і бала. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. Шығын көлемін кінәлі тарап өтейтін болады.