Алматыда 21 мектеп салынып жатыр

Алматыда 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Солардың бірі қала шетіндегі Қарасу ықшамауданында салынуда. Екі мың орындық білім ошағы осы айдың соңында пайдалануға беріледі. Бүгін Мәжіліс депутаттары дайындық жұмыстарымен танысып қайтты. Сергей Понамарев, Айдос Сарым мен Ринат Заитов бастаған депутаттар «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген нысанның сапасы мен мүмкіндігін жоғары бағалады.

Айта кетсек, мектеп соңғы технологиямен жабдықталған. Оған қоса, қосымша сабақтар мен үйірмелерге қажетті құралдар да ескерілген. Үш спорт залы мен әр пәнге арналған зертханалары бар. Оған мемлекеттік бюджеттен 11 млрд теңге бөлінген. Ғимарат 10 балдық жер сілкінісіне төзімді екен.

Айдос Сарым, Қазақстан Республикасы Парламенті

- Әр мектептің, әр аурухананың артында нақты депутаттар бекітілген. Мәжіліс депутаттары, мәслихат депутаттары олар келген сайын осы мектепке келіп отырады, құрылыс жүріп жатқан кезде не болып жатыр, қалай болып жатыр, қандай қиындық бар, ақшасы аударылды ма, аударылмады ма, мерзіміне сай болды ма, болмады дейтін сияқты жобамен қалылық мәслихатта, Мәжіліс депутаттары да осы округтан сайланған келіп отырады.