«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылады

Елде бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

Президент бүгін тиісті заңға қол қойды. Жаңа бағдарлама арқылы балаңыздың болашағы үшін қаражат жинай аласыз. Жыл сайын азаматтарға 5%, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы беріледі. Оны техникалық және кәсіптік білім алуға, жоғары білім алуға және оны жетілдіруге жұмсауға болады. Оған қоса, тұрғын үй жағдайын жақсартуға да мүмкіндік беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңның екінші блогы креативті индустрияны қолдаудың қарқынын күшейтеді. Әр аймақта арнайы орталық қалыптастырып, қатысушыларға өз өнімдерін сатуға көмектесу көзделіп отыр. Сондай-ақ арнайы қор іске қосылады. Ол таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен айналысады.