Семейдегі жылу желілерін жаңартуға ₸2,5 млрд бөлінеді
Былтыр Абай облысында жылу қазандықтары мен желілерін жаңартуға 8 млрд қаржы жұмсалған, деп хабарлайды 24kz.
Оның ішінде «Орталық» қазандығын жаңарту үшін бір млрд 700 млн теңге бөлініпті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Семейге сапары кезінде айтты. Биыл да өңірде 6 жоба іске аспақ. Жалпы Абай облысында 401 шақырым жылу желісі бар. Бүгінге дейін оның 29 шақырымы жаңартылған. Бұған қоса 27 көмір тасымалдайтын оператор жұмыс істейді. Мамандар биыл қыста 1 млн тоннадан астам көмір жағамыз деп жоспарлап отыр.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2025жылға республикалық бюджеттен тағы да 2,5 млрд-тай қаражат қарастырдық. Осы қаражат жалпы Семей қаласындағы жылу трассаларын және қазандықтарды жөндеуге бағытталып жатыр. Соның арқасында жылу беру бір жүйеге келтіріліп отыр. Әлі де мәселелер бар. Кейбір құбырлар жарылып жатқан болуы мүмкін. Сондықтан осы мәселелерді шешу атқарушы органның міндеті деп мен ойлаймын.