Банктен ақша ұрлаған Қазақстан азаматы Швецияда ұсталды
Банктен ірі көлемде қаражат ұрлаған Қазақстан азаматы Швецияда ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2018 жылдың қазан айында Алматыдағы қаржы құрылымдарының бірінен құйтырғы операция арқылы 55 миллион теңге ұрлаған. Қазір 38 жастағы ер адам шетелде қамауда отыр.