Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Антарктидада 2 мың 800 метр тереңдіктегі мұз қабаты бұрғыланды.
Бұл БейОнд ЕпикА ((Beyond Epica)) халықаралық жобасының аясында ғылыми зерттеу үшін жүргізіліп отыр. Оның негізгі мақсаты климаттың өзгеруімен күрес. Ғалымдар осы арқылы парниктік газдардың ғасырлар бұрын ауаға қаншалықты таралғанын анықтамақшы. Олардың пікірінше, мұндағы мұз қабатының жасы 1,5 миллион жылдан асуы мүмкін. Бұл адамзатқа жер атмосферасы мен климаттың қалыптасу жолын түсінуге көмектеседі. Ғалымдар жобаны 4 жыл бұрын бастаған. Экспедиция құрамында 16 ғалым мен көмекші мамандар бар.