Қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

Жоба аясында бокс, күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.

Өткен жылы елімізде барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бүгінде мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға 50,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек Үкімет биыл жыл соңына 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін қайта жөндеуді жоспарлап отыр.

Айгүл Садырова, Жалағаш ауылдық округінің әкімі:

- Ауылымыз туристік бағытта дамитындығына байланысты бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде осы кешеннің құрылысы бойынша біраз жұмыс атқарылып жатыр. Оған 1,5 гектар жер бөлінді. Бұл жастарды тарту үшін тамаша мүмкіндік болмақ.

Дастан Әлиев, Жалағаш ауылының тұрғыны:

- Спорттық  сауықтыру кешені салынады деген хабар келді. Оған біз де қуаныштымыз. Ауыл балалары спортқа аса құштар. Бірақ жаттығатын жер жоқ. Мектептегі спорт залдары сабақтан босамайды.