Заң мен тәртіп: пара бермек болып айыппұл арқалаған адам сотталды

Лауазымды тұлғаларға бірнеше мәрте пара ұсынып келген елордалық тұрғын 240 млн 300 мың тг көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Айыпталушы сот орындаушысына әзірге 196 млн теңгенің ішінара өтелгені туралы түбіртек көшірмесін берген. Астананың Нұра аудандық прокуратурасы бұл құжатты тексере келе, мемлекет қазынасына ешқандай кірістің түспегенін, сәйкесінше түбіртектің жалған екенін анықтайды. Осыған байланысты сот орындаушысы істі болған азаматтың айыппұл төлеу міндетін "7 жылға бас бостандығынан айыру" жазасына ауыстыру туралы сотқа өтініш түсіреді. Сот бұл арызды қанағаттандырды.