Қонаев қаласында 80 отбасы баспаналы болды
Қонаев қаласында ұзақ жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 80 отбасы қоныстойын тойлап жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жолы жаңа пәтер кілттері әлеуметтік осал топтағы отбасыларға табысталды. Шаһардағы халық саны бүгінде 70 мыңға жеткен. Алматы облысының орталығында 3 654 адам баспана кезегінде тұр.
Қонаев қаласында өткен жылы 85 отбасы жаңа баспанаға қоныстанған еді. Айта кетейік, жаңа пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға беріліп жатыр.