ШҚО-да көшкінге қарсы жаңа жүйе сыналды
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен қаласы – Самар ауылы» (95-102 км) автожолының бойындағы бес көшкін қаупі бар учаскеде «Daisybell» жаңа көшкінге қарсы жүйесінің сынағы сәтті өткізілді. Іс-шара ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының көмегімен ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасының таулы аудандарында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Жыл сайын мамандар қар көшкінінің алдын алу үшін 150-ге дейін қар массасын профилактикалық түсіруді жүргізеді. Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпті учаскелерінде жалпы көлемі 14 мың м3 қардан асатын 26 профилактикалық түсу жүргізілді», - деп атап өтті ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев.
Қазіргі уақытта көшкін қаупі бар жағдайды тиімді бақылау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағында 20 қар-көшкін маршруттары жұмыс істейді, оларда 160 қар өлшегіш рельс орнатылған. Мамандар тұрақты профилактикалық іс-шаралар мен қар көшкіні жағдайына мониторинг жүргізеді.
«Daisybell» сияқты жаңа технологиялар мен көшкінге қарсы жүйелер профилактикалық жұмыстарда тұрақты негізде қолданылатын болады, бұл таулы аудандардағы қауіпсіздікті едәуір арттыруға және көшкін апаттарының қаупін болдырмауға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Ерболат Садырбаев.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі