Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшік Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді
Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді. Борттағы құрылғының шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство әуе апатын тергеу жөніндегі комиссияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат ұсынылады.