Алаяқтық жасады деген күдікті Беларусьтен экстрадицияланды
Алаяқтық жасап, елден қашқан күдікті Беларусь елінен елге экстрадицияланды. Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2022-2023 жылдары Түркістан қаласында сыбайластарымен кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген желеумен 13 адамның қаражатын қалтаға басқан. Бас-аяғы 10 миллион теңгені ұрлап, елден тайып тұрған. Сыбайласы дер кезінде сотталған, ал елден қашқан алаяққа халықаралық іздеу жарияланған.
Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Енді ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.