Ақтөбеде бір отбасын кепілге алды деген күдікті екі айға қамалды

Ақтөбеде бір отбасыны кепілге алды деген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір «Адам өлтіру» және «Адамды кепілге алу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 13 қаңтарда қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 41 жастағы әйелді танысы кепілге алып, соққыға жыққан. Үш сағатқа созылған келіссөзден нәтиже болмаған соң полицейлер тұтқынды құтқару операциясын өткізді. Күдікті қолға түскеннен кейін баспананың жертөлесінен ауыр жарақат алған қария мен егде жастағы әйел табылды. Кейін екеуі де көз жұмды. Ал жәбір көрген әйел облыстық көпсалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орташа қалыпты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ деді.