«Казахстанская Правда» газетіне 105 жыл толды
Биыл қаңтар айының басында «Казахстанская Правда» газетіне 105 жыл толды.
Мерейтойға орай ел аумағында бірқатар мерекелік іс-шара өтті. Осыған байланысты бүгін де елордада "Даңғыл жолдың кезеңдері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Келелі жиында қоғам қайраткерлері, депутаттар және сала ардагерлері бас қосты. Өмірінің едәуір бөлігін басылымға арнаған кәнігі мамандардың еңбегі еленіп, Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан марапатталды. Айта кеткен жөн, ғасырдан астам тарихы бар "Казахстанская правда" отандық газеттер арасында таралымы ең көп және интернетте қаралымы ең жоғары басылым саналады. Әсіресе мемлекеттік тілді орыстілді оқырманға насихаттау бағыты көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.
Қамбар Ахмет, "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директорының орынбасары:
- «Казахстанская Правда» газетінде орыс тілді журналистер арасында еліміздегі ең тәжірибелі мамандар жұмыс істейді деп әбден айтуға болады. Әрине олардың еңбектері, жақсы жазған дүниелері тиісті деңгейде еленіп те жатыр. Мәселен, 2023-2024 жылы да газет қызметкерлері Президенттің сыйлығын иеленді. «Казахстанская Правда» газетіндегі әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта біраз белесті бағындыра беретініне сенеміз.