Сәтбаевта тұзды шахтасы бар, бірегей балабақша ашылды
Жоба «Қазақмыс» корпорациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасындағы екі жақты меморандум аясында жүзеге асырылды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы, балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешудегі басты құралдардың бірі. Бүгінде өңірде 2000-нан астам бала, балабақша кезегінде тұр.
Күрделі жөндеуден кейін "Ақбота" балабақшасы адам танымастай өзгерген. Су жаңа тәрбие ошағы балдырғандар үшін қауіпсіз, жылы да жайлы, жиһаз бен жабдықтары замануи, - дейді ата-аналар.
Жандос Оразбеков, Сәтбаев қаласының тұрғыны:
- Садик бұрынммен салыстырғанда жер мен көктей айырмашылықтары бар. Қазір теплый пол, бала емін-еркін, жеңіл киінеді, қабаттап кигізбейміз.
Нұрахмет Нұриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы:
- "Ақбота" - бұл тек балабақша ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың даму орталығы. Балабақшада заман талабына сай жаңашылдықтарды молынан енгіздік. Бұл нысанның іске қосылуы Ұлытау облысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы қолға алған жобалар легінің сәтті жүзеге асырылуының бастамасы деп есептейміз.
Саз және спорт залдары мен Монтессори сыныбына енді тұзды шахтасы бар бөлме қосылды. Бір сөзбен айтқанда, мұнда мектепке дейінгі жастағы балаларға толыққанды білім беруге қажетті нәрсенің бәрі бар.
Жанар Күнпейісова, «Ақбота» балабақшасының әдіскері:
- Cыйымдылығы 320 балаға арналған. Қазіргі таңда осы күрделі жөндеуден кейін кейін бір топ қосылып 14 топ болды. 276 бала қазір бар. Бірақ әлі балалар қабылдап жатырмыз. 25 педагог қызмет жасайды және кіші қызметкрелер бар. Педагогтардың бәрі де жоғары білімді.
"Қазақмыс корпорациясы" 2 қабатты ғимараттың жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге жұмсады. Қазір Сәтбаевта барлығы 15 балабақша жұмыс істеп тұр. Былтыр соның екеуі жөнделді. Биыл тағы бір нысанды қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Талғат Серікқалиұлы, Жанаман Ерғалиев