Ұлытаулық полиция интернет алаяқтықпен күресу мақсатында челлендж бастады

Ұлытаулық полицейлер интернет алаяқтықпен күресу мақсатында ауқымды челлендж бастады.

Полиция қызметкерлері өздері тұратын аумақтағы әр үйге барып, тұрғындарға алаяқтықтың кең тараған түрлері туралы айтып, жадынамалар таратып жүр. Тәртіп сақшылары «әрбір тұрғын өзін онлайн кеңістікте қауіпсіз ұстаудың тәсілдерін білуі керек» дейді. Бастаманы халықпен етене жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, төтенше жағдай және білім саласының қызметкерлері  де қолдап отыр. Себебі өңірде интернет алаяқтық әлі тиылмай тұр. Былтыр  бір ғана Жезқазған қаласы бойынша 70-ке жуық адам киберқылмыстың құрбаны болған. 

Алмаз Хамитов, қалалық полиция басқармасының бастығы:

- Біздің мақсатымыз бүкіл халық түсінсін, көрсін бұның бәрін, қалай болып жатқанын интернет алаяқтықтың түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырқ. Өз күшімізбен қаланың 25-30 процентін ғана аламыз охват дейді ғой. Сол себептен челленджді бастап басқа мекемелерге беріп жіберіп жатырмыз. 

Шахрух Юлдашев, облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:

- Медицина қызметкерлері интернет алаяқтыққа қарсы челленджді полиция қызметкерлерінен қабылдадық. Осы ақпаратты енді көршілерге, науқастарға және әріптестерге жеткізуге тырысамыз.