Маңғыстауда 35 тұрғын үй кешені заңсыз салынған

Маңғыстау облысында 35 тұрғын үй кешені заңсыз салынған деп танылды.

Екеуі Жаңаөзен қаласында, қалғаны Ақтауда бой көтерген. Оларды мәжбүрлі түрде сүру жөнінде соттың шешімі шығып, былтыр 5 тұрғын үй кешені бұзылды. Ал өзге нысандар бойынша облыс әкімдігі жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды. Мақсат - салымшылардың мүддесін қорғау. Егер мердігер компания құрылыстың қауіпсіз екенін дәлелдеп әрі тұрғындармен медиативтік келісімге келетін болса, оған салу жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік беріледі. Бүгінде комиссия 15 көп қабатты үйге қатысты оң шешім қабылдады. Қалғандары бойынша тексеру әлі де жалғасып жатыр. 

Қуандық Аманқосұлы, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы:

- Бәрі де шешімі шығып тұрған обьектілер болғаннан кейін 15-ін мвк-мен қарап, ведомствоаралық комиссияның құрамында тиісті мемлекеттік органдар бар. Ол өзінің тиісті беретін құжаттарын, техникалық қорытынды соны рәсімдеген жағдайда ғана оң шешімін шығаруға көмектесетін болады. Тұрғын үй заңсыз екені анықталғаннан кейін біздер, басқармадан жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Сәйкесінше тиісті нұсқама беріледі. Құжаттарды рәсімдеу үшін.