Павлодар облысында жылу желілерін жаңартуға ₸1,3 млрд бөлінеді

Павлодар облысы жылу желілерінің тозу көрсеткіші жөнінен ең жоғары өңірлердің қатарында.

Осыған байланысты биыл жылумен қамту желілерін жаңғырту бойынша жеті жоба жүзеге асырылады. Әзірге оның үшеуі ғана қолдау тапты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлінеді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасындағылар "жаңғырту жұмыстары халықты сапалы жылумен қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлар қаупін азайту үшін қажет" деп отыр.

Бұхарзада Мұқтар, Энергетика және ТҮКШ басқармасының  бөлім басшысы:

- Павлодар облысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 1438 шақырымды құрайды. Тозуы 79,7 пайыз. 2024 жылы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау желілерінде жалпы ұзындығы 31,3 шақырым құрылыс қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар өткізілді.