Қонаевта қысқы дрифт-шоу өтті

Қонаев қаласында қысқы дрифт-шоу өтті.

Аталған жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналды. Ол үшін ауданы 20 мың 600 метр боЛатын мұз айдыны жасалды. Бұл Орталық Азиядағы ең алып мұз айдындарының бірі. Былтыр жазда мұнда спорттық көліктер шоуымен қоса "Rock Festival" ұйымдастырылған.

Дрифт-шоуды тамашалауға 2,5 мыңнан астам көрермен жиналды. Өйткені мұнда отандық және шетелдік кәсіби спортшылар өнер көрсетті. Жарыста жеңімпаз атанған жекелей қатысушыға 2500 АҚШ доллары берілді. Оны алматылық Андрей Челушкин жеңіп алды. Астана қаласының спортшысы Дмитрий Биденко 100 ұпай жинап, квалификациялық турнирде алға шықты. Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз маусым қорытыланған соң анықталады. Бірінші орын алған командаға 5000 АҚШ доллары көлемінде жүлде тағайындалған. 

Латтапон Кэучин, жарысқа қатысушы /Таиланд/:

- Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұз үстіндегі дрифт-шоуға бірінші рет қатысып жатырмын. Қиын да күрделі трассалардың бірі болғанымен, жарыс қызықты өтті. Алғашқы кезең өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спортшылар мен көрермендер үшін барынша жағдай жасалған. 

«ASP Аrena» – Қонаевта жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобаның бірі. Онда қонақ үй кешені, мейрамхана, картинг жолы және 3200 орындық көрермен мінбері салынған. 63 гектар аумақты алып жатқан бұл аренаның құрылысына 8,1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. 

Олег Воронков, спорт кешенінің директоры:

- Мұнда жақында бассейн, глэмпинг аймағы, монша кешені және мотокросс трассасы іске қосылады. Ашық аспан астындағы картинг жолының құрылысы аяқталды. Мейрамхана, қонақ үй мен көрермендерге арналған мінбер пайдалануға берілді. Оны өздеріңіз көрдіңіздер. Болашақта бұл жер автоспорт академиясына айналады. 

Қуанышбек Мирамбекұлы, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Бұл үлкен жоба осы Қонаев қаласында. Бұл алаң бәрі жұмыс істеген кезде бассейнен бастап, картинг және де осы алаңы дрифт-шоу жүргізетін ол 150 мыңға дейін жылына туристерді қабылдай алады. 

Алдағы ақпан, наурыз айында Қонаевта дриф-шоудың екінші және үшінші кезеңі өтеді. Оған дейін Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны конькимен сырғанауды ұнататын қала тұрғындары мен туристерді қабылдайды. 

Юрий Кулешов, қала тұрғыны:

- Қаламызда осындай мұз айдыны салынғанына қуаныштымын. Медеуден екі есе үлкен. Енді Алматыдан Қонаевқа қыстың күні де адамдар ағылып келе бастайды деген ойдамын. Мұз жеңіл, сырғанауға өте ыңғайлы екен. Маған ұнады. 

Бұл мұзайдында 19 наурызға дейін сырғанақ тебуге болады. Баға қолжетімді. Арена демалыссыз жұмыс істейді.

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов