Өскемендік педагог-психологтар буллингке қатысты жаңа әдістеме құрастырды

Өскемендік педагог-психологтар мектептегі буллингтің алдын алуды үйрететін жаңа әдістеме құрастырды.

Онда қоғамда белең алып тұрған зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмаудың жолы көрсетілген.

Мәселен, мұнда мамандар әр оқушының өскен ортасын, оның достарын, қызығушылығын, жалпы мінез-құлқын толық зерттеуді ұсынады. Бұған бір ғана психологтың күші жетпесі анық. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар да белсенді араласуы тиіс деп санайды. Жаңа мазмұндағы бағдарлама салалық министрлік тарапынан қолдау тапты. Тіпті Ақмола облысындағы бір топ психолог онлайн курстан өтіп те үлгерді. Болашақта басқа өңірлерді қамту да көзделген.

Юлия Кукина, психология ғылымдарының кандидаты:

- Әдістемені білім беру саласының барлық санатында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Егер мектепте буллинг тіркелген жағдайда, әкімшілік не істеу керек, сынып жетекшісі тарапынан қандай қадам жасалуы қажет. Мектеп психологы не істейді. Біз бұл сұрақтарға да тоқталдық. Сондықтан профессорлық құрамның бұл еңбегі мұғалімдер мен психологтарға үлкен қолдау болады деп есептейміз.