Құрлық әскері бөлімдерінде бейнебақылау камералары орнатылған
Құрлық әскері бөлімдерінде оператор штаттары енгізілді. Олар казармаларды қоса алғанда барлық қызметтік үй-жайды онлайн бақылауға жұмылдырылған. Бұл туралы сала басшылары брифингте баяндады.
Құқықбұзушылықтардың 70-80%-і бейнекамералар арқылы анықталып жатыр. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы сарбаздардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтты. Сондай-ақ олардың физикалық дайындығы ғана емес, түрлі саладағы біліктілігін арттыруға көңіл бөлінетінін жеткізді.
Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:
- Қолбасшылықтың басты міндеті әскери резерв қалыптастыру ғана емес, біз жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелейміз. Жыл сайын азаматтық қоғамға қажет дайын мамандарды да жасақтаймыз. Сарбаздарымыз бен запастағы әскери қызметшілеріміз аса қажет, тіпті тапшы мамандықтарда еңбек етеді. Бұл арнайы техниканы тізгіндеуші, газ дәнекерлеуші, байланысшы, аспаз сияқты мамандар.