Десантшылар Алматы облысындағы ауылды су басу қаупінен сақтап қалды

Алматы облысындағы Жармұхамбет ауылына су басу қаупі төніп, Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері көмекке барды, деп хабарлайды 24kz.

Іле және Қарасай аудандарының шекарасында орналасқан бұл елді мекеннің 10 мыңға жуық халқы бар. Өткен аптада күн жылынған соң қар еріп, өзен суының деңгейі едәуір көтерілген. Арнасынан асқан су кейбір тұрғын үйлердің ауласына жетті. Әскерилер хабар жеткен бойда тасқынына қарсы шараларға кірісіп кетті. Екі күнде 800 метрден астам жасанды бөгет қойылып, оның ішінде 2500-ден астам қапшық төселді.

Алмас Бөкенаев, Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүкіл тұрғындардың атынан рахмет. Шұғыл қарым-қатынаспен алдын алу жұмыстарын сарбаздар бөлуіне, тез-тез жұмыс жүріп жатқанына. 3-4 күн жұмыс алама деп ойладық. Бірақ 2 күнде бітіретін шығармыз. Оперативно дейді ғой, тез жұмыс бергеніне алғысымыз шексіз, десанттық-штурмовойға рахмет.