Елімізде мопедтерді тіркеу жұмыстары жүріп жатыр

Елде мопедтерді тіркеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Яғни А1, А және Б санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар көлігін техникалық байқаудан өткізіп, заңдастыруға міндетті. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мопедті толық тексерістен өткізу қажет. Егер жүргізушілер көлігін 5 сәуірге дейін тіркеп үлгермесе, көшеде жүруге тыйым салынады.

Ағлан Құсайынов, Астана қаласы ПД Процессингтік орталығының мемлекеттік аға автоинспекторы:

- Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға және оларды жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Ішкі істер министрлігі мопед иелерін қазірден бастап тіркеуге және куәлігі жоқ адамдарды автомектептерде оқудан өтуге шақырады. ІІМ мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселесін кейінгі, соңғы күндерге қалдырмауға кеңес береді.