Боран: ШҚО-да жолда қалған 20 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында ақ түтек боранда сапарға шығып, жолда қалған 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ. Оның үшеуі – балалар. Ал жолдағы жағдайды көріп қауіптенген 79 адам күн ашылғанша жылыту пункттеріне түнеп шығуды жөн көрген.

Алай-дүлей соққан боран барлық бағыттағы қатынасты қиындатты. Дауылды ескертуге қарамастан жолға шыққандардың көбі – Өскемен-Тарғын, Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха күрежолында тұрып қалғандар. Бүгін аймақ оқушылары онлайн оқып жатыр.