Оқушылар мен мұғалімдерге 80 млн теңгеден астам сыйақы берілді
Президент тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бері халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беріледі, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ оларды даярлаған ұстаздардың да еңбегі ескерілген.
Бұл орайда алтын медаль иеленген оқушыға 1500 айлық есептік көрсеткіш сыйақы төленеді. Күміс жүлдегер 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне ие болады. Ал үшінші орын иегеріне 500 айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы беріледі. Былтыр 26 оқушыға 80 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Мұғалімдерге келсек, шәкірті көш бастаған ұстазға 26,5 есе базалық қызметтік жалақысы төленеді. Оқушысы ІІ орынды еншілеген мұғалім жалақысының 17,5 есе көлемінде сыйақыға ие болады. Ал қола жүлдегердің ұстазына 8,5 есе жалақы сомасында сыйақы қарастырылған. Өткен жылы педагогтерге 6 млн 400 мың теңге берілді.