Былтыр жұмысынан шыққан 293 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Былтыр елде жұмысынан шығып қалған 293 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды 24kz.

Оларға қазынадан бағытталған барлық қаржы сомасы 88,3 млрд теңгені құрады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 258 мыңнан астам адам төлемді алғаш рет алып отыр. Заңнамаға сәйкес жұмысынан босаған тұлғаға жарты жылға дейін айлығының 45%-ін төлеу қарастырылған. Әлеуметтік төлем мөлшері МӘМС жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы екі жылдағы табысына байланысты болмақ. Ал уақытша қолдауға ие болу үшін eGov.kz немесе электронды еңбек биржасына өтініш жолдау қажет.