Әлеуметтік-экономикалық салада 3,5 млн азаматтың құқығы қорғалды
Әлеуметтік-экономикалық салада 3,5 млн азаматтың конституциялық құқығы қорғалды, деп хабарлайды 24kz.
Оның 2 млн-ға жуығы жасөсіпірім, 123 мыңы қызметкер. Алимент бойынша 23 мыңнан астам баланың пайдасына 4 млрд 600 млн теңге қарыз өндірілді. Бұл туралы Бас прокурор мәлімдеді. Берік Асыловтың айтуынша, Үкіметке 23 қадағалау актісі енгізілді. Олар бойынша негізінде жол карталары, заңдарға және заңнан туындаған актілерге түзетулер әзірленді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданды.