Биылдан бастап кәсіби қабылдаушы отбасы жүйесі енгізіледі
Биылдан бастап кәсіби қабылдаушы отбасы жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды 24kz.
Енді елде ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектер бірден балалар үйіне бармай, осы отбасыларға жіберіледі. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі мәлімдеді. Бүгінде елде 7 млн-ға жуық бала бар. Олар халықтың үштен бірін құрайды. Былтыр құқықтық базаны нығайту бойынша балаларға арналған үш негізгі заң қабылданды. Қараусыз қалған кішкентай азаматтарды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институты құрылды. 330-дан астам бала қазір тәлімгерлерімен байланыс орнатқан. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде «111» бірыңғай байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Қаңтар айындағы мәлімет бойынша орталыққа 17 мыңнан аса бала жүгінген. Елде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-і қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Былтыр 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапқан.