Елордалық еріктілер коммуналдық қызмет өкілдеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты

Астананың бет қаратпас аязында коммуналдық қызмет өкілдері ыстық шаймен бой жылытты, деп хабарлайды 24kz.

Онда еріктілер арнайы акция аясында 5 келі бауырсақ пісіріп, қала тазалығына жауапты азаматтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерей Қанапия, тілші:

- Қазір Астанадағы сынап бағанасы -30 градус шамасын көрсетіп тұр. Соған қарамастан елордалық еріктілер қала тұрғындары мен коммуналдық қызмет өкілдеріне астық шай, бауырсақ таратып жатыр.

- Рабиха ханым, білеміз сарышұнақ аязда қызмет ету оңай емес. Осындай акциялар сізге қандай да бір жылы әсер сыйлай ма?

- Сәлеметсіз бе! Иә сыйлайды. Осындай кезде шай, шоколад берсе, кім қуанбайды ондайға. Қуанып ішкесін, жылынамыз. Біз азанда сағат 7-ден 4-ке дейін істейміз.

- Осындай акциялардың жиі өткенін қалайсыз ба?

- Иә қалаймыз. Біреу сені құрметтеп тұрса, неге қаламасқа. Қалаймыз...

Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы мен «Мейірімді істер» марафоны аясында өтіп жатыр.

Мерей Қанапия, тілші:

- Қымбатты көрермен қазір мен де қала тұрғындарына еріктілермен бірлесіп, мына ыстық шайды, бауырсақты бірге таратамыз. Енді оған дейін тілдесіп көрейік. Өзіңіз айтыңызшы, қалай жалпы осындай суықта тарату... Сіздерге де оңай емес.

Бақдәулет Ерехан, тілші:

- Бұл – біздің акция. Елорданы тазалап жүрген адамдардың жұмысын бағалаймыз. Сондықтан еріктілер болып, қаланың тазалығы үшін рақметімізді айтып, баурысақ, шай атаратып жатырмыз.

Ұйымдастырушылар мұндай акцияларды жыл сайын ұйымдастырады. Алайда биыл күн райы енді суытқандықтан аталмыш іс-шараны аяз айылын жимайынша аптасына 2 рет өткізуді жоспарлап отыр. 

Авторлары: Мерей Қанапия, Қанат Махмұдов