Үкіметте ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы талқыланды

Үкіметте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы қаралды. Науқан биылғы жылдың 1 тамызында басталады. Бұл саланың нақты жағдайын анықтап, тиімді қолдау шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросы төрағасының айтуынша, өткен жылы пилоттық санақта 54 елді мекен қамтылды. Жобаға 45 мыңнан астам респондент қатысқан. Сол кезде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және техниканы тіркеу бойынша министрліктің ақпараттық жүйелерінен алынған әкімшілік деректер интеграцияланған.