Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысы тексерілді

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысы тексерілді
Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығының негізгі су объектілері мен су тасқыны қауіпті учаскелерін бағамдады, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі. ТЖ департаментінің командалық-штабтық машинасы мен пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен өңір басшысы Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шықты.

Қазіргі уақытта ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, УрожайныйЗеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Жұмыстарды «ZNS Group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді, жобаның құны – 117,55 млн теңге.

Асхат Шахаров Сазды су қоймасының ағымдағы жөндеу барысын да тексердіМұнда су жинақтаушы орынның түбін бөлшектеу, екі қатарлы арматурамен бетон құю және мұздан қорғайтын қабырғаны орнату жұмыстары аяқталған.

Қаланы жұмыс бабымен аралау қорытындысы бойынша әкім жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді және неғұрлым осал аумақтарда қорғаныс бөгеттерін салуға кірісуді тапсырды.