Биыл Қазақстанда 4,7 мың шақырым жол салынады
Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады, деп хабарлайды 24kz.
Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. Бұл жобалардың арқасында 31 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Былтыр 12 мың шақырым жол құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылып, рекордтық көрсеткіш тіркелген еді. Бұл жұмыстарға 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі сынды туристік орындарға дейін көлік қозғалысы ашылды. Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты.