Сенатор: Ауыл-аймақты дамыту – баршаға ортақ міндет
Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы тиіс. Президенттің бүгінгі отырыста айтқан бастамалары – елді мекенді дамытуға арналған басты бағыт.
Сенаторлар кеңейтілген жиында айтқан мәселелерді қолдап, қуаттап отыр. Мемлекет басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығында да шешілмеген мәселелер аз емес. Егін егіп, мал бағып күнелтіп отырған еңбеккерлердің әл-ауқатын аттыру қажет.
«Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамыту үшін Үкімет пен әкімдерден жүйелі әрі тың тәсілдер күтетінін айтты. Біз осыны негізге алып, нақты қадамдар жасауымыз керек», - деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ең басты ұнағаны – ауылды жерлерді дамыту. Ауылды жерлерде денсаулық сақтау, жайлы мектептерді салу сынды көптеген мәселелерді айтып кетті. Жалпы алғанда жобаларды алар болсақ, ҚР орта державаларға кірдік. Сол себептен Мемлекет басшысы бір нүктені қойған сияқты.