Әр баланың жинақ сомасы $232,94 болды
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына 2 жыл бойы қатысып келе жатқан әр баланың жалпы жинақ сомасы 232 доллар 94 цент болды, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен былтыр олардың шотына 100 доллар 52 цент түсті. Ал биыл ол тағы 129 АҚШ долларымен толықты. Сондай-ақ инвестициялық табыс колемі 3 долларға жетті. Яғни, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-і балаларға теңдей бөлініп отыр.