Балқашта өрттен кейін далада қалған 8 отбасы үйіне оралды
Балқашта пәтерлері отқа оранып, далада қалған 8 отбасы үйіне оралды, деп хабарлайды 24KZ. Тұрғындардың бүлінген баспанасын кәсіпкерлер мен қоғамдық қор өкілдері толық қалпына келтірді. Есік-терезелерін ауыстырып, шатыры мен қасбетін жөндеп шықты. Бұған дейін мамандар жанып кеткен екі қабатты ғимаратқа техникалық сараптама жүргізіп, қабырғасы мен іргетасы бүтін деген қорытынды жасаған болатын. Осыған орай үй апатты емес деп танылды.
Естеріңізде болса, былтыр тамызда Қоңырат шағынауданында ескі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан сегіз пәтерлі үйді өрт шарпыған. Сол кезден бастап 50-ге жуық тұрғын желтоқсан айына дейін мектеп-интернат пен жалдамалы пәтерлерді паналап келді.
Жасұлан Әлішеров, Балқаш қаласының тұрғыны:
- Енді біз сол 4 тамыздан бастап қалалық №3 мектеп-интернатында тұрдық. Жаңа жылға шейін сол жерде тұрдық. Еще бұл үйде барлығымыз көпбалалы адамдармыз. Осындағы 4-5 отбасы көпбалалымыз. Әрине, қорқыныш болды. Кезекке қойған жоқ, осы үйді қайтадан жасап береміз деп, сол кісілерге жасаттық.