АҚШ-та құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды

Кеше Вашинтонда әуежайға қонар алдында тікұшақпен сотығысып, апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының қара жәшігі табылды.

Әзірге онда не жазылғаны белгісіз. Қазір Рональд Рейган атындағы әуежайдағы рейстердің біразы кейінге шегерілген. Өзенге құлаған ұшақта 64, ал тікұшақта 3 адам отырғаны анықталған. Ешкім тірі қалған жоқ. Олардың арасында ресейлік спортшылар да болған белгілі. Апат себептері әлі анықталып жатыр.