Өңірлерде су тасқынына қарсы 1400-ге жуық іс-шара өткізілді

Елімізде 1200-ден астам елді мекенге қызыл су қаупі төніп тұр, деп хабарлайды 24kz.

Ондағы тұрғындарды табиғи апаттан аман алып қалу үшін 576 шақырымға созылған қорғаныш бөгеті мен біліктері салынды. Автокөлік және теміржолдардың астына су өткізу құбырлары орнатылып, қосымша каналдар мен арықтар құрылды. 74 өзеннің қауіпті учаскесінде үш жүз шақырымнан астам тереңдету мен жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.