Жақын күндері Ақтаудағы ұшақ апатының себебі анықталады
Жақын күндері Ақтаудағы ұшақ апатының алдын-ала себебі белгілі болады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет сағатынан кейін өткен брифингте айтты. Министрдің сөзінше, зерттеу жұмыстарына шетел мамандары жұмылдырылған. «Ресейден, Бразилиядан, Әзербайжаннан және ИКАО-дан келген мамандар апатты бірге зерттеп жатыр. Қазіргі таңда бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Таяу күндері мамандардың алдын ала есебі министрліктің ресми сайтында жарияланады», – деді Марат Қарабаев.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Әзірбайжанға бағыт алған Azerbaijan Airlines авиа компаниясының ұшағы құлады. Embraer 190 ұшағының бортында 67 адам болған еді. Апат кезінде 38 адам қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алды.