Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі
Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Татулық пен бірлікті ту еткен ұйымның мерейтойы республикада кең көлемде атап өтіледі.
Жоспар бойынша 400-ден астам танымдық, әдеби-мәдени шара түндігін түреді. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын жиын ұлт пен ұлысты ұйыстырған құрылымның маңыздылығын насихаттамақ. Мерекелеудің басы 1 наурызға орайластырылып отыр. Дәл осы күні бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында республикалық форум өтеді. Аудан, облыстардан арнайы делегаттар шақыртылып, ассамблеяның маңызды межелерін сараптайды.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл – үлкен мерейтой. Сондықтан да осы мерейтойдың аясында бізде жақсы-жақсы шаралар жоспарланып жатыр. Бұл шаралар түрлі мәселелерді қамтып өтеді. Еліміздің татулығы бар, бірлігі бар, сонымен қатар спорттық түрлі шаралар өтеді. Бұл Астана, Алматы қалаларында ғана емес республика көлемінде өтетін шаралар.