Болашақ құтқарушылар «Заң мен тәртіп» қағидатын талқылады
Антикор өкілдері жас курсанттарға жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын негізгі тетіктерді түсіндірді, деп хабарлайды 24KZ. Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында оқыту семинарын өткізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған кездесуге облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мұрындық болды.
Сағыныш Аяғанова, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Академия курсанттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін, жемқорлықтың қандай теріс салдары бар екенін және әрқайсымыз тәртіптік қоғамды қалыптастыруға қандай үлес қоса алатынымызды талқыладық.
Әліби Рустамұлы, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты:
- Бұл азаматтық қорғау органдарында жұмыс жасайтын қызметкерлердің ғана емес, оның артында тәрбиеленіп келе жатқан курстанттарға бағыт-бағдар беру. Адам өмірін құтқарып қана қоймай, олардың өрттің алдын алу жұмысында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара.