Түркістан облысында 134 мың га жерде сор шаю жұмыстары аяқталды
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар облыстың үш ауданында: Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті.