Түркиядағы жастар «Қайратқа» жанкүйер. Live

Түркиядағы қазақ жастары ұлттық құраманың ойынын тағатсыздана күтіп отыр. Олар үлкен экран алдына жайғасып, алматылық Қайраттың өнерін тамашалап, жанкүйер болуға әзір.  

Дәл қазір Анкараның орталығынан хабар таратып тұрмын. Бірер минуттан соң Түркиядағы қазақ жастары тарихи сәттің куәсі болмақ. Қазақстанның «Қайрат» клубы футбол әлемінің алыбы «Реал Мадридке» қарсы алаңға шығады. Бұл кездесу қазақ футболы үшін жаңа белес болса, шетелдегі қазақ жастары үшін зор мақтаныш.

Түркияда 12 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жүр. Олардың 700-ге жуығы Анкарада оқиды. Бүгін сол жастардың біразы елінен жырақ жүрсе де Қазақстандағы тарихи сәтті қалт жібергісі келмеді. Міне, бүгінгі басқосу соның айғағы.

Қазір мұндағы атмосфера керемет. Қызыл-сары түске оранған зал, рухты көтеретін ұрандар.