Олимпиада жалауы Францияға табысталды
Франция 2030 жылы өзінде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының жалауын қабылдап алды.
Табыстау рәсімі биылғы XXV Олимпиаданы жабу салтанатында өткізілген. Тарихи кешті тамашалау үшін Веронадағы біздің заманымызға дейінгі 30 жылы салынған ежелгі амфитеатрға 20 мыңға жуық көрермен жиналды. Францияның Альпі тауларындағы қысқы Олимпиада 2030 жылдың 1-17 ақпанына белгіленген. Бұл шешім 2024 жылы қабылданған.