Қытай Жапонияға экспорттық бақылауды күшейтті

Күншығыс елінің 20 ірі компаниясы қатаң бақылауға алынды. Бұл жөнінде Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді.

Қара тізімде «Субару», «Мицубиси» сияқты ірі корпорациялар бар. Ресми мәліметке сәйкес бұл кәсіпорындардың түпкі тұтынушылары мен Қытайдан экспортталатын тауларды пайдалану орындарын тексеру мүмкін емес көрінеді. Қытай өзге де шетелдік ұйымдар мен тұлғаларға осындай тауарларды жеткізуге тыйым салу туралы ескертті. Қытай билігі ол Жапонияның әскери әлеуетін нығайтуға пайдаланылуы мүмкін деп санайды.

Мао Нин, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қытай ұлттық қауіпсіздік пен мүдделерді қорғау және ядролық қаруды таратпау сияқты халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында заңдар мен ережелерге сәйкес шаралар қабылдады. Біздің мақсат Жапонияның әскери әлеуетін жетілдіріп, ядролық қаруға деген ұмтылысын тоқтату болып отыр. Бұл әрекетіміз толық заңға негізделген.