Сеулде референдумда дауыс беру аяқталды
Астана уақытымен сағат 16:00-де Сеул қаласындағы №422 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Оңтүстік Кореяда тіркелген 150 адамның барлығы өз таңдауын жасады.
Комиссия мәліметінше, азаматтардың 100 пайызы рефрендумға қатысты. Дауыс беру учаскесіне келгендердің көпшілігі - 20 мен 30 жас аралығындағы жастар. Саяси науқанды ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушысы қадағалады.