NASA 53 жылдан кейін Айға астронавт ұшырады
Адамзат араға 53 жыл салып, Айға сапар шекпек.
Бұл NASA-ның Айға қайта оралуға бағытталған ауқымды сынақ жобасы. Егер сәтті жүзеге асса, 2028 жылы Айды зерттеу бойынша ауқымды шаралар басталады. Ал осы жолғы Artemis II миссиясы аясында 4 ғарышкер әуелі 10 күндік сапарға аттанады. Бортта үш америкалық және бір канадалық астронавт бар. Олар 1 тәулік бойы Жер маңындағы орбитада қалып, тіршілікті қамтамасыз ету және микроклиматты бақылау жүйелерін тексереді. Ұшу 1 сәуірге жоспарланған. Осыған дейін адамзат Айға 1972 жылы қонған. Енді NASA бұл күрделі міндетті 2 жылдан кейін, бұрын-соңды зерттелмеген Айдың Оңтүстік полюсінде қайта жүзеге асыруды жоспарлап отыр.