Иранда зымыран қорының жартысы қалды
Иранның қолында соғысқа дейінгі зымыран арсеналының тең жартысы қалды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "Фокс Ньюс" телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Wall Street Journal Иранға қарсы соғыс барысында Құрама Штаттардың да қару-жарақты өте көп мөлшерде шығындап жатқанын жазған еді. Басылымның дерегі бойынша бұл Пентагон қорының сарқылуына әкелді. Қанатты зымырандарды қоса алғанда, қорды қайта қалпына келтіру үшін 6 жылға жуық уақыт қажет.