Д.Трамп: Әмірлік OPEC-тен шықса, мұнай арзандайды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Біріккен Араб Әмірліктерінің OPEC құрамынан шығу туралы шешімін қолдады.
Ақ үй басшысы: "бұл әлемде аспандап бара жатқан мұнай мен жанармай бағасының арзандауына әсер етеді", - дейді.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
- Мен шейх Мохаммед бин Заид Әл Нахаянды жақсы танимын. Ол кемеңгер көшбасшы. Әрине ол өз жолымен жүруді қалайды. Ол дұрыс шешім қабылдады. Енді мұнай мен жанармай бағасы арзандайды. Ал ОПЕК-тің өз ішінде алауыздық бар тәрізді.
Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығады. Ұйым аясында күніне 3 млн баррель қара алтын өндіріп келген әмірлік компаниялары алдағы уақытта көрсеткішті 5 млн-ға жеткізуі мүмкін. Әлемдік нарықта ұсыныстың артуы мұнай бағасын құлдыратады, дейді сарапшылар.