Қытайда отшашу шығаратын зауытта жарылыс болды

Қытайдың Хунань провинциясындағы отшашу шығаратын зауытта жойқын жарылыс болды. «Рейтер» агенттігінің дерегі бойынша, 21 адам мерт болды. Тағы 61-і жараланды. 

Опат болғандар саны өсуі мүмкін. Өйткені әлі табылмаған жұмысшылар бар. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ауаға улы заттардың тарау қаупі болғандықтан жергілікті тұрғындар көшірілді. Қытай төрағасы Си Цзиньпин жарылыс салдарын тездетіп жоюды тапсырды. Сондай-ақ апат себебін анықтап, кінәлілерді қатаң түрде жауапқа тартуын бұйырды. Бұдан бөлек, Қытай төрағасы: «Бұл – қайғылы жағдай сабақ болуға тиіс», - деді. Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту қажетігін атап өтті. Кейінгі дерек бойынша, кәсіпорын басшысы қамауға алынды.